Әлемдегі ең ірі ұшақ тестілеуден өтті

тестілеуден
Ajnj& theverge.com

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz – Stratolaunch жобасының көшбасшыларының бірі Пол Аллен твиттердегі әлеуметтік парақшасында Stratolaunch ұшағы прототипінің видеосын жариялады. Ұшақ ұшып-қону жолағында бірнеше рет сынақ өткізді.

Алдын-ала есептеулер бойынша, құрылғы 250 тонна дейін жүк (ұшақтың өзінің салмағы 230 тонна) көтере алады. Ал, алғашқы ұшу сынағы 2019 жылы өткізіледі.

Сонымен қатар, Stratolaunch-ты төменгі Жер орбитасына жүкті жеткізуге арналған ауа платформасы ретінде пайдалану жоспарда бар. Егер, ұшақ сынағы сәтті аяқталса, ол әуедегі ең үлкен ұшақ болмақ. Айта кетерлігі, ұшақтың қанаты 117 метр.

Сынақ 24-25 ақпан аралығында өтті. Қозғалтқыштары мен борт жүйесінің жұмысын тексеру үшін ұшақ бірнеше мәрте сынақтан өткен. Ұшып-қону алаңында Stratolaunch ұшағының жылдамдығы сағатына 46 мильді құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!