Әлемдегі ең көне банк тоқырауға ұшырады

банк
Фото: blog.iqoption.com

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Әлемдегі ең көне банктердің бірі Monte dei Paschi di Siena (Монтэ дей Паски ди Сиена) дағдарысқа ұшырады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қаржы институты 9 млрд еуроға жуық капиталының орнын осылай толтырмақшы.

«Біздің амалымыз жоқ. Сондықтан өзімізді сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Жұмыс сапасын жақсарту үшін құрылымдық өзгерістер өткізуге кірістік», — деді қаржы институтының бас директоры Марк Морелли.

Банк 2021 жылға дейін 29 млрд еуро көлеміндегі қайтарылмайтын несиелерін Атлант 2 инвестициялық қорына сатады. Одан бөлек, банк қызметкерлерінің саны 5 жарым мың адамға қысқарып, 2000 бөлімшенің 600-і жабылады. Нәтижесінде банк 2021 жылға дейін 1 млрд 200 мың еуро таза табыс түсіруді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін қаржы мекемесінің бас директоры Марк Морелли 4 жылға арналған қайта құрылымдау жоспарын таныстырған болатын. Bloomberg бұл жоспардың банкті дағдарыстан алып шығуға арналғанын жазады.

Айта кетейік, Monte dei Paschi di Siena (Монтэ дей Паски ди Сиена) банкі 1472 жылы құрылған.