Әлемдегі ең қымбат футболшы кім?

футболшы
Фото: wcn247.com

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – ПСЖ футбол клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory  сараптамалық  компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, — деп хабарлайды Спорт-Экспресс.

19 жасар ойыншының құны 216,5 миллион еуроға бағаланады.

Әлемдегі ең қымбат 10 ойыншы қатарына Харри Кейн (197,3 миллион еуро), Неймар (197 миллион еуро), Мохаммед Салах (173 миллион), Филиппе Коутиньо (171,3 миллион), Лионель Месси (170,6 миллион), Рахим Стерлинг (164,6 миллион), Ромелу Лукаку (164,3 миллион), Деле Алли (163,4 миллион еуро) және Антуан Гризманн (157,7 миллион),  Пауло Дибала (155,6 миллион) кірді.

Ең қымбат жартылай қорғаушы — Дель Алли («Тоттенхэм», 163,4 миллион еуро). Қорғаушылар арасында алдыңғы орында Самюэль Юмтити («Барселона», 99,2),
қақпашылар арасында — Эдерсон («Манчестер Сити», 102).