Әлемдегі коксты көмірдің қазіргі қоры 15 айға жетеді

Әлемдегі коксты көмірдің қазіргі қоры 15 айға ғана жетуі мүмкін. Осыған байланысты баға көрсеткіші тек 2017 жылдан бастап қалпына келе бастайды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Тек осы жылы ғана сұранысты арттыру туралы ұсыныс 26 млн тоннадан асып түсуі мүмкін деген болжам жасайды сарапшылар. Көмір өндірушілер 2011 жылы шикізат бағасы тоннасына 330 долларға жеткеннен кейін бүкіл әлем бойынша белсенді түрде өндірісті көбейте бастады. Сол уақыттан бері әлемдегі ең ірі көмір пайдаланушы Қытайдың экономикасының өсімі баяулауына байланысты  баға 72 пайызға төмендеп, тоннасына 100 доллардан сатылды.

Баға төмендеуінен әлем бойынша 50 көмір шахтасы 2016 жылдың соңына дейін жабылады дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, бірінші ұсыныс тапшылығы тек 2017 жылы тіркеледі, осыдан кейін үлкен қорға байланысты баға баяу  түрде қалпына келеді.