Әлемдік ірі компаниялардың ең сәтсіз 7 тауары 

198
сәтсіз
Фото: i.amz.mshcdn.com

Кәсібін енді ғана бастап жатқан кәсіпкерлер түгілі үлкен тәжірибесі бар компаниялардың өзі ірі қателіктерді жібереді. Sony, Apple, Micrsoft, Netflix компанияларының кезінде қандай қателік жіберіп, қандай сәтсіз тауарды сатқанын білгіңіз келсе, 7kun.kz ұсынған мақаланы оқып шығуға кеңес береміз.

Sony. Betamax 

20 ғасырдың 1970 жылдарында  Sony компаниясының Betamax атты өнімі мен VHS құрылғылары үлкен бәсекеге түсті. Адамдардың арасында VHS өнімдерінің танымалдығы артты, ал Sony компаниясы мүмкіндікті пайдаланып өзі де өзге компаниялар сынды VHS құрылғыларын шығарудың орнына, 1975 жылы жарық көрген Betamax өнімін паттентеп, қателік жіберді.  

Фото: i.amz.mshcdn.com

Apple. Newton  

Стив Джобс өзінің алғашқы компьютері “Ньютонды” шығарарда өміріндегі күрделі кезеңдердің бірін басынан өткізгені белгілі. Forbes журналының рейтингісі бойынша, Newton PDA (Personal Digital Assistant) компьютері бір емес бірнеше себептерге байланысты сәтсіздікке ұшыраған. Жалпы, құны 700 доллар тұратын компьютердің нашар жұмыс істеген сонша, оны атақты Simpsons мультфильмінде күлкіге айналдырған.

Фото: amp.businessinsider.com 

Microsoft Bob 

Қолданушыға түсінікті интерфейс ретінде Билл Гейтстің әйелі Мелинданың басқаруымен жасалған Microsoft Bob бір жылдан кейін өзінің жұмысын тоқтатты. “Өкінішке орай, бағдарламалық жабдықтама компьютерден көп өнімдікті талап етеді. Боб енді жоқ,” — деп жазды Билл Гейтс.

Фото: toastytech.com

Microsoft Zune  

Microsoft компаниясындағы мобильді бизнес бөлімінің экс директоры Робби Бахтың сөзінше, Zune құрылығысының сәтсіздікке ұшырау себебі батылдықтың жетіспеуінде. Zune гаджеті Ipod-тан асып түсуге ұмтылды, бірақ адамдардың оған деген қызығушылығын оята алмады.  

Фото: amp.businessinsider.com

The Nook 

2009 жылы Barnes & Noble компаниясы электронды кітаптарды оқуға мүмкіндік беретін Nook құрылғысын шығарды. Инвесторлардың сөзінше, адамдар кітап оқудан бас тартқаннан кейін, өнім де сатылмай, компанияға табыс емес, шығын әкелді. Бірақ, басты мәселе инвесторлар айтқандай кітап оқитын адамдардың аздығында емес. Бар болғаны Nook гаджетіне қарағанда бағасы арзанырақ тұратын әрі қолдануға ыңғайлы Amazon Kindle құрылғылары көпшіліктің көңілінен шыққаннан соң, Barnes & Noble сәтсіздікке ұшырады.  

Фото: image.ceneostatic.pl

Netflix. Quickster  

Фото: fthmb.tqn.com

2011 жылдың қыркүйегінде Рид Хастингс Netflix DVD-ді бөлек сатуға арналған Quickster жобасын ұсынды. Алайда Рид Хастингтің бұл хабарламасы көптеген көрермендердің ренішін тудырғаннан кейін, ол бар болғаны 23 күннен кейін өз сөзін қайтып алды. Соңынан компьютерлерге арналған дискілерді үйге жеткізетін қызмет түрін де ұсынды. Бірақ Netflix компаниясының осы жобасы да көрермендердің наразылығына байланысты жабылды.   

Amazon. Fire phone 

Фото: boygeniusreport.files.wordpress.com

2014 жылы Amazon компаниясы өзінің ең алғашқы Fire phone атты ұялы телефонын шығарып, 2015 жылы сатылымнан алып тастаған. Android арқылы телефон жақсы жұмыс істеді, қолданушыларға да ұнады. Бірақ оның адам бетін 3d сканерлеу арқылы тануға мүмкіндік беретін қызметі адамдарды қызықтырмады. Нәтижесінде, Amazon смартфондарына деген сұраныс та төмендеді. Компания осы жағдайдан соң, телефон шығарудан бас тартты.