Әлемдік валюталарға қатысты доллар бағамы нығая түсуде

Әлемдік валюталарға қатысты доллар бағамы нығая түсуде

АҚШ сарапшыларының болжамына қарамастан әлемдік валюталарға қатысты доллар курсы нығая түсуде деп хабарлайды Прайм. 2 мамыр күнгі есептеу бойынша, АҚШ-тың негізгі сауда әріптестерінің валюта қоржынындағы доллар курсы 0,47% немесе 95,26 пунктіге дейін жоғарылаған.

Иенге қатысты доллар курсы 120,24 иеннен 119,38 иенге дейін жоғарылады. Еуроның долларға қатысты бағамы 1,1197-ден 1,1222-ге дейін құнсызданған.

Сарапшылардың есептеуінше, мұндай қозғалыс техникалық факторларға байланысты орын алды. Осыған дейін американдық жеткізуді басқару институы АҚШ өндірісіндегі іскерлік белсенділік индексінің 51,5% деңгейінді сақталады деп хабарлаған. Мамандар индекс 52%-ға дейін көтеріледі деп болжаған еді. Ал АҚШ экономикасындағы үй шаруашылығының сенімділік деңгейін айқындайтын Мичиган университетінің тұтынушылық индексі сәуір айында 93 пунктіден 95,9 пунктіге дейін өскен. Ал сарапшылар индикатордың 96 пунктіге дейін көбейеді деп болжаған еді.