Әлеуметтік желілерде алаяқтар жүргізуші куәлігін 50 мың теңгеге саудалауда

Қазақстан. 7 маусым. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынған 30-ға жуық алаяқтық жазбалар мен хабарламалар анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалғанда, олар дайын құжат үшін 50-60 мың теңге сұрап, оларды бір ай ішінде дайындауға уәде береді. Төлемді алғаннан кейін жасырынып, телефондарын өшіріп тастайды», – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» хабарламасында.

Сәуір айында жүргізуші куәлігін алуға заңсыз ықпал етудің 12 фактісі ҚР Ішкі істер министрлігіне тапсырылды.