Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - Халық банк пен Қазком банкоматтарын біріктіруге кірісті және 10 шілдеден бастап екі банк тұтынушылары банкоматтардан ақшаны комиссиясыз алады. Бұл туралы Халық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша Халық банкте 2367, ал Казкомда 2292 банкомат бар. болды. Бүгінде Халық банк 6 млн, Казком 2 млн қолданушыға қызмет көрсететін ескерсек, Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісін пайдаланады. Бірігуден кейін Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкомат желісі болады.
Қолма-қолсыз төлемдер нарығы белсенді түрде дамып жатқандығына қарамастан, банкоматтан қол-қол ақша алу Қазақстандағы кең қолданыстағы банк операцияларыныңң бірі. Ресми статистика бойынша, 2017 жылдың сәуірінде қазақстандықтар 683,2 млрд теңгеге 17,6 млн транзакция жасаған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





