Ұлттық банк валюталық өктемдік жүргізу құқығын өзіне қалдырды

Ұлттық банк

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz — Ұлттық Банк тұрақсыздандырушы күйзелістерді болдырмау үшін валюталық өктемдік жүргізу құқығын өзіне қалдырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова айтуынша, қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай тұрақты, айырбастау бағамы мұнай бағасының және Қазақстанның сауда әріптестерінің валюта бағамдарының өзгеруіне тәуелді болғандықтан күнделікті құбылып тұрады.

«Тамыз бен қыркүйекте өктемдіктер тиісінше (-) 70 млн және (-)69,7 млн АҚШ долларын құрады», — дейді ол.