Ұлттық банк зейнетақы активтерін басқару жүйесін одан әрі реформалау бойынша ұсыныстар әзірледі – Ақышев

Ұлттық банк
Алматы. 20 маусым. Д.Ақышев журналистермен кездесуде.

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, реформаның мәні салымшыларға зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін оларды таңдау құқығын беруді білдіреді.

Салымшы кірістілік көрсеткіштерін, инвестициялық қызметтің тиімділігін, сондай-ақ алынатын комиссияның мөлшерін негізге ала отырып, басқарушы компанияны таңдап алатын болады деп болжанып отыр.

Бұл туралы Данияр Ақышев Парламент Мәжілісінің «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстыру кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.
«Осы реформаның негізгі мақсаты өзінің жинақтарын басқару процесіне салымшыларды тарту, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша бәсекелес ортаны құру», — деп атап өтті Ақышев.

Қазіргі уақытта осы ұсыныстар бизнес-қоғамдастықпен «Қазақстанның қаржы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің алаңында талқылану үстінде.