Қазақстанда ұлттық телеарнаның таратылымы қалпына келді. Телеарна жұмысы Intelsat 904 байланыс спутнигінің қызметіндегі кедергіге байланысты жұмысын тоқтатқан еді.
Осыған дейін «Қазтелерадио» АҚ-ның баспасөз қызметі Intelsat 904 байланыс жер серігінің жұмысындағы кедергілерге байланысты телеарнаның эфирлік жұмысы ҚазСат-2 резервті жер серігіне ауыстырылғандығын хабарлады.
«Қазтелерадио» АҚ Intelsat 904 жер серігінің функциясындағы кедергілерге байланысты жердегі желілерін ҚазСат-2 резервті жер серігіне ауыстырады», — деп жазылған баспасөз-қызметінің хабарламасында.
Енді цифрлі эфирлік таратылым КазСат-2 жер серігі арқылы таратылады. Кабельді телевиденияның операторы қабылдағыш құрылғысының баптауларын ҚазСат-2 жер серігіне ауыстыру туралы техникалық жұмыстар жүргізді.