Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық телеарнаның жұмысы қалпына келді

Ұлттық телеарнаның жұмысы қалпына келді

Қазақстанда ұлттық телеарнаның таратылымы қалпына келді. Телеарна жұмысы Intelsat 904 байланыс спутнигінің қызметіндегі кедергіге байланысты жұмысын тоқтатқан еді.

Осыған дейін "Қазтелерадио" АҚ-ның баспасөз қызметі  Intelsat 904 байланыс жер серігінің жұмысындағы кедергілерге байланысты телеарнаның эфирлік жұмысы ҚазСат-2 резервті жер серігіне ауыстырылғандығын хабарлады.

"Қазтелерадио" АҚ Intelsat 904 жер серігінің функциясындағы кедергілерге байланысты жердегі желілерін ҚазСат-2 резервті жер серігіне ауыстырады", - деп жазылған баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Енді цифрлі эфирлік таратылым КазСат-2 жер серігі арқылы таратылады. Кабельді телевиденияның операторы қабылдағыш құрылғысының баптауларын ҚазСат-2 жер серігіне ауыстыру туралы техникалық жұмыстар жүргізді.

 

Похожие материалы