Ұлттық банк 3 сақтандыру ұйымына әкімшілік айыппұл салды

сақтандыру
Фото: bizlaw.md

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу жағдайларына қатысты мониторинг пен талдау жүргізді, – деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы төртінші тоқсанда сақтандыру ұйымдарына қатысты 8 санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды. Оның ішінде 4 санкция әкімшілік айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде, 4 шектеулі ықпал ету шарасы жазбаша ұйғарым түрінде.

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ-на, «Қазақстан Халық Банкінің «Халық-Қазақшетсақтандыру» еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ-на, «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-на, «Kompetenz» СК» АҚ-на жазбаша ұйғарым шығарылды.

Сонымен қоса, әкімшілік іс жүргізу шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асырмағаны үшін «Kompetenz» СК» АҚ-на – 408 мың 850 теңге, «ТрансОйл» СК» АҚ-на – 240 мың 500 теңге, «Еуразия» СК» АҚ-на – 240 мың 500 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Аталған сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемінен және көлік құралын қарау актісін жасаудан бас тартуға, өтініш берушіге сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған құжаттардың жетіспейтіні туралы хабарлауға, көлік құралына келтірілген зиянды анықтау мерзімдерін сақтамауға байланысты заң бұзушылықтарға жол берген.