Ұлттық банк банктердің қаржылық тұрақтылығын дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынады

63
Қазақстандық
Фото: psm7.com

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Банк активтерін халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз бағалау 2019 жылдың екінші жартысында жүргізіледі, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

«Қаржылық тұрақтылық және банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру. Банк секторын сауықтыру процесін аяқтау үшін Ұлттық банк ағымдағы жылдың екінші жартысында халықаралық стандарттар бойынша банк активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды жүргізетін болады», — деді Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Досаев енгізілген тәуекелге бағдарланған қадағалауды және активтердің сапасына жүргізілген бағалауды ескере отырып, Қазақстанның банк жүйесінің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету бойынша «жаңа тәсілдер» іске асырылатынын атап өтті.