Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

ҰБ мөлшерлемені байыппен төмендету керек деп есептейді.  

«Жаһандық инфляциялық қысым бәсеңдеп келеді, бірақ бірқатар елде инфляция әлі де орнықты күйінде қалып отыр. Осыған байланысты дамыған елдердің орталық банктері монетарлық саясатты қатаңдатуда. Қазақстанда инфляцияның жылдық және айлық мәндері де баяулап келеді.  

Тәуекелдердің жиынтық балансы, негізінен, сыртқы сектор жағынан қысымның әлсіреуінен дезинфляциялық факторларға қарай аздап ығысқан күйде сақталуда. Алайда, базалық инфляцияның әлсіз баяулауы және инфляциялық күтулердің өсуі байыпты монетарлық саясатты іске асыруды талап етеді. Ұлттық Банктің алдыңғы коммуникацияларына сәйкес, инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуге жағдай жасай бастады. Осыған байланысты болжамды раунд нәтижелері бойынша қабылданатын келесі шешім аясында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені байыппен төмендетудің орындылығын бағалайды», делінген бас банктің хабарламасында.

Похожие материалы