Банк жаңалықтарыЖаңалықтарТаңдаулы1

Ұлттық банк инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін шара қабылдады

Ұлттық банк 15 қазанда базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Инфляция 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,3% болды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен. Жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда қыркүйекте 6,1%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы бас банк басшысы парламент мәжілісінің отырысында айтты, — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Ұлттық банкінің бағалауынша, 2018 жылы инфляция 5-7% нысаналы дәлізде сақталады, ал 2019 жылы инфляция 4-6% жаңа неғұрлым төмен нысаналы дәліздің жоғары шегіне жуық қалыптасуға тиіс», — деді Данияр Ақышев.

Ол болашақ инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін Ұлттық банк 15 қазанда базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттырады және қолайлы ақша-кредит талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Tags

Осы айдарда

Close