Ұлттық банк шетел валютасын сату-сатып алу бағамдары арасындағы айырманы ұлғайтуға ниетті

ҚР Ұлттық банкі ақшаны айырбастау пунктерінде шетел валютасын сатып алу бағасы сату бағасынан ауытқу шегін белгілейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Жоба айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу шектерін қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады.

Ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған», – делінген Ұлттық Банк хабарламасында.

Қаулы жобасының толық нұсқасымен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.