Ұлттық банктегі жаңа кадрлық тағайындаулар

Ұлттық
Фото: bnews.kz

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Елжан Біртанов пен Мәдина Әбілқасымова төраға орынбасарлары болып тағайындалды.

Мәдина Әбілқасымова:

1999-2001 жылдары – Қазақстан стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы

2003-2004 – экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы

2004-2006 – «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры

2006-2008 – Қазақстан премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары

2008-2011 – Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары

2011-2013 – Экономикалық даму және сауда вице-министрі

2013-2014 – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

2014-2018 – ҚР ұлттық экономика вице-министрі

2018-2019 – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

2019 – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Есжан Біртанов:

1998-2003 – Ұлттық банктің дилингтік операциялар және қаржы нарықтарын талдау басқармасының сыртқы нарық дилингтік операциялар бөлімінің жетекші дилері

2003-2005 – Ұлттық банк монетарлық операциялар департаменті дилингтік операциялар басқармасының бастығы

2005-2012 – Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары

2012-2014 – Ұлттық банк Ұлттық инвестициялық корпорациясының басқарма төрағасы

2014-2016 – ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті Ұлттық банк төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы

2014 – Ұлттық банктің жоспарлау және бюджет департаменті директорының міндетін атқарушы

2014-2015 – Ұлттық банктің жоспарлау және бюджет департаментінің директоры

2015-2016 – Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы

2016-2017 – Ұлттық банк Ұлттық инвестициялық корпорациясының Басқарма төрағасы

2018-2019 – «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры