Ұлттық банктің инфляцияға қатысты болжамы қандай?

86
болжамды
Фото: forbes.net.ua

Алматы. 4 қыкүйек. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 1 қыркүйекте «2018 жылғы тамыз-қыркүйек» кезекті болжамды раундты аяқтады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Болжамды кезең 2018 жылғы 3 тоқсаннан бастап 2020 жылғы 1 тоқсан аралығындағы кезеңді қамтиды. Бас банк базалық сценарий ретінде барлық болжамды кезеңнің ішінде бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде мұнай бағасының сценарийін қарастырды . Болжамдарға сәйкес, Қазақстанда жылдық инфляция 2018 жылы 5-7%-дық нысаналы дәліз ішінде болады. 2019 жылы инфляция жоғары шегінің жанында бола тұра жаңа 4-6%-дық нысаналы дәлізге бір қалыпты кіре бастайды.

Алдыңғы «2018 жылғы мамыр-маусым» болжамды раундпен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап өсу жағына қарай түзетілді, ол 2020 жылғы нысаналы бағдардан асып кету тәуекелін арттырады. Бұл Ресей рублі мен дамушы елдердің басқа валюталарының құнсыздануы аясында байқалып отырған ұлттық валюта бағамының әлсіреуімен; РФ-да инфляция өзінің таргеттелетін деңгейінен ықтималды асуына байланысты сыртқы инфляциялық аяның нашарлауымен; сыртқы монетарлық жағдайлар қатаңдауымен; қорлар төмендеуі және әлемдік тұтыну ұлғаюы салдарынан дәнді дақылдарға күтіліп отырған баға белгілеудің өсуіне байланысты болды.

2018-2019 жылдары экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес тиісінше  3,5%-ды және 2,6%-ды құрайды (өткен болжамдық раундта тиісінше 3,5% және 2,7%). ІЖӨ-нің өсуі бойынша алғышарттар 2018 жылы елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.

ҚР Ұлттық банкінің жаңартылған бағалауы бойынша Қазақстанда шығарылым айырмасы қысқа мерзімді болашақта әлсіз проинфляциялық ықпал көрсете отырып оң болады. Орта мерзімді болашақта шығарылым айырмасы әлсіз теріс аймаққа өтетіндігі болжанып отыр. Қазақстан экономикасының сыртқы күйзелістерге ұшырағыштығы сақталып отыр, мұнай бағасы бұрынғысынша экономикалық белсенділік серпінін айқындайтын маңызды фактор күйінде. Бір баррель үшін 40 АҚШ доллары сценарийі іске асқан кезде жылдық инфляция 2018-2019 жылдардағы нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен шығу тәуекелі жоғары, бұл ақша-кредит саясаты тарапынан тиісті шаралардың қолданылуын талап етеді.