Ұлттық қорға үш айда 713 млрд теңге түсті

қорға
Фото: aqparat.info

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурызында Ұлттық Қорға төленген салықтар мен төлемдер көлемі 712,9 млрд теңгені құрады.

2018 жылдың үш айымен салыстырғанда (458,5 млрд теңге) түсімдер көлемі 56,2%-ға өсті.

Ұлттық қорға Атырау облысынан түскен түсім 351,4 млрд теңгені, ал БҚО-нан 172 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ТОП-5 ішіне келесі мұнайлы облыстар да кірді: Маңғыстау (97,5 млрд теңге), Ақтөбе (31,1 млрд теңге) және Қызылорда (29 млрд теңге).

Сонымен қатар, Астанадан 25,7 млрд теңге, Алматыдан 2,7 млрд теңге, Түркістан облысынан 1,9 млрд теңге, ШҚО – нан 11,4 млрд теңге түсті.

Алматы облысының кәсіпорындары Ұлттық қорға 70,2 млн теңге, Жамбыл облысы – 2,8 млн теңге, Қарағанды облысы – 1 млн теңге, Ақмола облысы – 1 млн теңге, Павлодар облысы – 471 мың теңге, Шымкент – 349 мың теңге, Қостанай облысы – 50 мың теңге аударды.

Ал СҚО-нан I тоқсанда Ұлттық қорға ешқандай түсім аударылмады.