Ұлттық валюта 1 долларға 387 теңгеге дейін нығайды

126
доллар

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 387,04 теңгені құрады. 15 қарашадағы деректермен салыстырғанда (388,28 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,24 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 389 теңге, Алматыда — 390,2 теңге.

Ұлттық Банктің 18 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 388,07 теңгені құрайды.