Ұлттық валюта 2 теңгеге арзандады

теңгеге
Фото: kapital.kz

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,73 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,73 теңге/$1) ұлттық валюта 2 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,42 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,65 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 142 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 67.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,5 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 378,56 теңгені құрайды.