Ұлттық валюта бағамы 2 теңгеге әлсіреді

бағамы
Фото: factum.kz

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,20 теңгені құрады. 25 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда (376,45 теңге / $1) ұлттық валюта 1,75 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,60 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 38 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 92.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 379,3 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Ұлттық Банктің 28 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,46 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.