Ұлттық валюта бір аптада 3 теңгеге арзандады

валюта
Фото: deskgram.net

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,40 теңгені құрады. 

Осы сауда аптасында ұлттық валюта долларға қатысты 2,77 теңгеге арзандады. Дүйсенбі күнгі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша орташа бағам бір доллар үшін 376,65 теңге, бейсенбі күні бір доллар үшін 379,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,95 теңге, жабылу курсы бір долларға – 378,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 52 млн 113 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 110.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 379 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 379,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 7 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,95 теңгені құрайды.