Ұлыбритания Қазақстанға қатысты санкция салмайды

инвестиция
Фото: Хабар

Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салуды көздемейтінін айтты. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізіп, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдаған.

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сонымен қатар, олар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған шешімдерді талқылады.

«Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес екенін растады. Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністік орнап, екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық жасалды», — делінген СІМ хабарламасында.