Ұлыбритания Қазақстаннан 439,1 млн долларға күміс сатып алды

күміс
Фото: www.inform.kz

Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – 2017 жылы Қазақстанның Ұлыбританиямен тауар айналымы 1,3 млрд долларды құрады, деп хабарлайды LS. 

Бір жылда тауар айналымы 1,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіште экспорттың үлесі көп (926,7 млн доллар).

Қазақстан королдікке 439,1 млн долларға күміс, 279,1 млн долларға мыс, 107,3 млн долларға шикі мұнай, 42,4 млн долларға хром оксидін, 21 млн долларға ферроқорытпа сатқан.

Ал Ұлыбританиядан Қазақстанға 23,9 млн долларға рентген аппараты, 15 млн долларға қара металдан жасалған бұйымдар, 14,9 млн долларға дәрі-дәрмек жеткізілген. Бұдан өзге кран, этил спирті, электргенераторлы қондырғы, сұйықтық сорғысы мен турбореактивтік қозғалтқыш саудалаған.

Қания Табыс

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!