Патрик Пуянне: Мұнайға қарағанда газдың болашағы зор

155
газ
Фото: провэд

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Дүниежүзілік газ нарығы мұнай нарығына қарағанда қарқынды дамиды. Мұндай болжам француздық Total мұнай-газ компаниясында айтылды деп хабарлайды Reuters.

Азиядағы экологиялық таза отынға деген қызығушылықтың артуына байланысты газға сұраныс алдағы 20 жылда артады.

Total компаниясының бас директоры Патрик Пуянненің айтуынша, 20 жылда заманның дамуына байланысты табиғи газды қолдану жылына 2%-ға, ал мұнай 1-1,5%-ға өсуі мүмкін.

Сонымен қатар, шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Қытай табиғи газдың жетіспеушілігімен күресу мақсатында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстаннан газ жеткізілімін ұлғайтып, Ортаазиялық газ құбырларының 93% қуатын қолдануды жоспарлап отыр. Мұндай желілер арқылы жеткізілім орта есептен 51,37 млрд куб.м-ге көбейіп, Ортаазиялық газ құбырларының максималды қуатын пайдаланады (55 млрд куб.м). Осы жылы жоспарланған көлем 38,7 млрд куб.м, оның 5 млрд куб.м-і Қазақстаннан экспортталмақшы.