Экономика
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жекешелендірілуі мүмкін
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) жекешелендірілуі мүмкін. Бұл туралы KAZENERGY-дің Х еуразиялық форумы кулуарында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Төрағаның сөзінше, мемлекетке тиесілі МӨЗ сатылымы ауқымды түрде жекешелендірілуі мүмкін. "Зауыттар жекешелендірілуі мүмкін. Бірақ бұл ақшаға байланысты емес. Әзірге модернизация белгіленген, анықталған амалдау есебінде жүзеге асып жатыр. Бұл сату амалдарының арасында зауыттар жоқ" - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жекешелендірудің екінші толқынында Үкімет ірі компаниялардың үлестерін сатуға қоюды ұсынған болатын. 60-ға жуық компанияның тізімі анықталып, олардың 38-і "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі болған. Сондай-ақ, жекешелендірілген компаниялардың 12-сі республикаға, 4 холдинг "Қазагро" мен "Бәйтерекке" тиесілі.
С.Мыңбаев "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі "ҚазМұнайГаздың" үлесін сату туралы келісім жасалғаны туралы хабарлады. "Өзімізге тиесілі 50%-ды Қашаған кенішіне сатамыз. Бағасы - 4,7 млрд доллар. Келісім қараша айына дейін аяқталады деп үміттенемін", - деді ол.
Сондай-ақ, төраға мемлекеттік қорды сатып алуға қаржы жартылай ішкі нарықтан, жартылай сыртқы нарықтан тартылатынын мәлімдеді және аздаған қаржы ұлттық қордан бөлінеді.
"ҚазМұнайГаз" төрағасы "Еуразия" жобасына қытай компанияларының қатысуға ниетті екенін жеткізді. "Әзірге 130-150 млн долларды бюджеттен реттеп алуға болады. Бірақ бұл "ҚазМұнайГаздың" қаржысы емес", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанадағы форум кезінде PetroChina-ның вице-президенті Люй Гуньсиунь (CNPC еншілесі- Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы) қытай компаниялары Каспий шұңғымасындағы 60 млрд тонна мұнайды игеру барысында құрылған "Еуразия" қазақ-ресей жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеген еді. Өз кезегінде CNPC өкілдері жаңа жобаларды тек Қазақстанда іздестіріп жатпағанын мәлімдеді.
"ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев мәлімдегендей, үкіметте талқыланып жатқан 3 бірдей мұнай өндіру зауыты бір күн бұрын тізімге енген. "Біз қазір "Самұрық-Қазына және үкіметпен бұл мәселені талқылап жатырмыз. Шыны керек, мен үкімет аталған мәселені 100 пайызға бекітеді деп ойламаймын, дайындыққа белгілі бір мерзім берілуі мүмкін. Себебі, біздің өз еліміздегі кәсіпорындарды сатуда тәжірибеміз бар", - деді ол.