Мұнай жыл басынан есептегенде ең жоғары бағамен сатылып жатыр

503
Мұнай жыл басынан есептегенде ең жоғары бағамен сатылып жатыр

23 сәуір күнгі сауда барысында Brent мұнайының баррелі 3%-ға қымбаттады. 2014 жылдың желтоқсанынан бері мұнай бағасы алғашқы рет $65 межеден жоғары көтерілді.

ICE Futures Лондон биржасында Brent мұнайының маусымдық фьючерстері жыл басынан бері алғашқы рет барреліне 65 доллар бағамнан жоғары көтерілді. Ең жоғары көрсеткіш барреліне $65,09 болды, бұл 22 сәуір күнгі сауда жабылғандағы деңгейден 3,76%-ға жоғары. Соңғы рет мұндай баға 2014 жылдың 11 желтоқсанында болған-тын.

Аналитиктер мұнай бағамдарының өсімін Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдаймен байланыстырып отыр, мұнда Сауд Арабиясы басқаратын әуе күштері Йемендегі хуситтердің позициясына соққы жасауды жалғастырып жатыр.

«Жағдай бұрынғыша өте шиеленіскен қалыпта. Brent бағамы бомбалауға байланысты соңғы ай ішінде шамамен 10 долларға артты, бірақ егер бұл жағдай жермен басып кіруге ұласса, тағы осыншама құн қосылуы мүмкін», — деп мәлімдеді Forex Club аналитигі Валерий Полховский.

Ақпарат көзі: РБК