Мұратхан Тоқмәди 10 жылға сотталды

10
Фото: Казинформ

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – БТА банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталған Мұратхан Тоқмәди 10 жылға сотталды. Шешімді Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады.

Судья Азамат Тілепов айыпталушыны мүлікті тәркілеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол ең жоғарғы қауіпсіздік қарастырылған түрмеде жазасын өтейді.

12 наурыздағы пікірталас кезінде прокурор Ілияс Есқалиев «әйнек патшасы» Мұратхан Тоқмәдидің мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының өзі және оның қорғаушысы болса қылмысты мойындап, тергеуге көмектескені және кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жазаны жеңілдеу түрін тағайындауды сұраған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!