Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеуде дауыл салдарынан 14 адам қаза тапты

Мәскеуде дауыл салдарынан 14 адам қаза тапты

Мәскеу. 30 мамыр. 7kun.kz - Қайтыс болған адамдардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек те бар. Жалпы дауыл дәрігерлердің көмегіне  жүгінген  адамдардың саны 170-ке жеткен, деп хабарлайды ТАСС.

Қалалық денсаулық сақтау департаментінің  жетекшісі Алексей Хрипунның айтуынша,  дәрігердердің  көмегіне 168 адам жүгінген.    Олардың арасындағы 146 адам барлығы 15 ауруханаға жатқызылды.   Зардап шеккендердің көбінің жағдайы  бірқалыпты болғанмен, 8 адамның жағдайы ауыр.

Мәскеу қаласында найзағайлы  қатты  нөсер жауын  29 мамыр түстен кейін басталған.  Ол артынша қатты дауылға айналып, бірқатар ағаштардың құлауына әкеп соққан.  Тіпті, көшедегі  қоғамдық көліктерге арналған аялдаманы жұлып әкеткен.

Похожие материалы