Мәскеуде төрт бірдей банк лицензиясынан айырылды

10 қараша күні Орыс-славян банкі, Аймақтық даму банкі, Аймақтық жинақ банкі және Аймақаралық банкі лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Ресей банкі қабылдады деп жазады lenta.ru.

Орталық банктің мәлімдеуінше, Орыс-славян банкі қауіп-қатерлі несие саясатын жүргізіп, қарыз болған жағдайда арнайы резервтер құрмаған. Сондай-ақ, терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық кірістерге қарсы әрекет заңдарын бұзған.

Аймақтық жинақ банкі қаржылыларын төменгі сапалы активтермен салып отырған және арнайы резервтер құрмаған.

Аймақтық даму банкі актив сапаларының төмен болуы себепті лицензиясынан айырылды. Банк қаржылылары тек шығындарға кетті.

Ал, Аймақаралық банк реттеуші банк қызметінің заңдарын бұзған. Сондай-ақ, Ресей банкінің нормативті актілерін орындамаған. Банк активтеріне қауіпсіздік шаралары қолданылмай, несиелік саясат жүргізілген.

Фото:lenta.ru