Mail.ru «ақылды дыбыс шығарғыш» сата бастады

239
Mail.ru
Фото: kod.ru

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Mail.ru Group интернет-холдингі «Маруся» дауыстық көмекшісінің базасында «ақылды дыбыс шығарғышқа» алдын ала тапсырыс ашылғаны туралы жариялады.

Колонка «Капсула» деп аталды, қазір құны 6,99 мың рубль болатын құрылғыға алдын ала тапсырыс беруге болады. Дүкендерде дыбыс шығарғыш 2020 жылдың І тоқсанынан бастап сатыла бастайды.

Жаңа құрылғы «ақылды үй» жүйелерімен біріктірілген, оның көмегімен электр құралдарын, розеткаларды және басқа да техниканы басқаруға болады.

Mail.ru Group-тың осы бағыттағы алғашқы серіктестері «Ростелеком» ЖАҚ және Redmond болды.

Колонканың қуаты 30 Вт құрайды,оған үш динамика, дыбыс күшейткіші және қашықтықта сөйлеуді тану үшін 6 сандық микрофон орнатылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өзінің дауыстық көмекшілерін, атап айтқанда, «Яндекс», «Тинькофф»сияқты компаниялар дамытып жатыр.

2018 жылы «Яндекс» компаниясы «Алиса» көмекшісі арқылы «ақылды дыбыс шығарғыштарды» сата бастады. Осыған ұқсас құрылғыны «Сбербанк» ЖАҚ және «МТС» ЖАҚ іске қосуға дайындап жатқаны туралы хабарланды.