Маңғыстау облыстық Экология департаменті Экотерре компаниясын жоспардан тыс тексерді

Экотерре
Фото: data.si

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 2019 жылдың 5-18 ақпан аралығында ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тапсырмаларына, сондай-ақ «Эко Маңғыстау» ҮЕМ-ның өтінішіне сәйкес «Экотерра» ЖШС-нің шаруашылық қызметінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуы мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Инспекциялық тексеріс нәтижесінде «Экотерра» ЖШС тарапынан өрескел экологиялық бұзушылықтар анықталды.

2016 жылы берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Жетібай кен орны ауданында мұнай бар және бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу полигонында құрамында мұнай бар қалдықтарды қабылдау үшін 5 бірлік карта, қабылданған Қалдықтарды кәдеге жарату үшін бірнеше қондырғылар мен жабдықтар және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі қызметті толыққанды жүзеге асыру үшін басқа да қосалқы техника мен технологиялар салу қарастырылған.

Алайда, «Экотерра» ЖШС қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жоғарыда көрсетілген жобада көзделген осы объектілерді (Кешенге кіреберіс жолы, қоршау, қызметшілердің өмір сүруіне арналған вагонды қоспағанда) тұрғызбаған, сәйкесінше қалдықтар міндетті тәсілмен сөзсіз кәдеге жаратылмайды (бұлар: мұнай шламдары, майланған топырақтары, ұңғымаларды кері жуудан пайда болған қалдықтары, мұнай құрамдас ағынды су, тұрмыстық қатты қалдықтары, медициналық қалдықтар, майланған сүзгілер мен шүберектері, және басқа өнеркәсіптік тұрмыстық қалдықтары).

Тексеруді жүзеге асыру барысында 24 300 м2 алаңда немесе 9 720 м3 көлемінде қауіпті қалдықтарды (янтарь тізімі) заңсыз сақтау фактісі анықталған, оның жартысынан астамы тікелей аумақта жерге көмілген.

Алынған зертханалық сынамалар нәтижесі бойынша, сынамалар құрамында мұнай өнімдерінің елеулі үлесі анықталды және бұл көрсеткіш жер ресурстары ластануының негізі болып табылады.

Сонымен қатар, «Экотерра» ЖШС-де белгіленген үлгідегі қауіпті қалдықтарды есепке алу журналы жоқ (қалдықтарды есепке алу ережесін ҚР Энергетика министрлігі бекіткен). Жүргізілген тексеру нәтижесінде Департамент қауіпті қалдықтар қозғалысының толық циклін белгілемеген (қайта өңдеуден және т.б. кейін қалдықтардан алынатын өнімдерді қабылдау, сақтау, кәдеге жарату, қайта өңдеу).     

Сонымен қатар, тексеру барысында бірқатар экологиялық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: қалдықтар полигонын жапқаннан кейін жою қорының, қоршаған ортаға эмиссиясыз полигонға кірме жолдың болмауы.

Сондай-ақ, «Экотерра» ЖШС-нің басшысы Көшмағамбетов С.  тексеріс барысында Департамент қызметкерлерінің заңды құқығын бұзып және заңмен тағайындалған міндеттерді орындамай, Департамент қызметкерлерінің өз құзыретіне сәйкес өз міндеттерін орындауға кедергі келтіріп, қажетті құжаттарды беруден бас тартты, алдын ала бірнеше рет ресми түрде хабарланған болса да, тексеріске қатысудан және тексеріске қатысуға жауапты тұлғаны бөлуден,  соның ішінде сынама алуға,  негізсіз бас тартып, сондай-ақ жоспарлы тексерісті жүзеге асыру барысында жалған мәлімет беру арқылы Жетібай кен орны аумағында орналасқан мұнай және бұрғылау қалдықтары мен қатты қалдықтарды өңдеу полигонын, пайдаланылмаған басқа жерді көрсету арқылы, бұл полигонның салынбағандығы сондықтан пайдалануға берілмегендігі жөнінде жазбаша растау арқылы   жасырып қалды.

Маңғыстау облысы бойынша экология Департаментімен тексеріс нәтижесінде, «Экотерра» ЖШС-гі тарапынан жіберілген, жоғарыда аталған барлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды және қоршаған ортаға келтірілген нақты залал есептелуде.