Маңғыстауда «Дамудың» қолдауымен ашылған кәсіпорындардың жұмысы қарқынды

Маңғыстау

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы (бұдан әрі — Филиал) Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасымен бірлесіп Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз залында 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәжілісін өткізді.

Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлер белсенділігінің артуы

Маңғыстау облысында 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белсенді шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 41 015 компанияны құраса, 1 қарашада 50 667 компанияны құрап отыр. Оның ішінде: ауылшаруашылық – 2 305, ЖШС – 8 308, ЖК – 40 324.

Белсенді шағын компаниялар саны бір жыл ішінде 3,65 мыңға (пайыздық қатынасы +7,77%) артты.

Кәсіпкерлер белсенділігі артуының негізгі факторы – бұл кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамытуға арналған ыңғайлы шарттардың пайда болуы, оның ішінде жеңілдетілген қаржыландырудың жүзеге асуы.

Қаржысыз қолдау нәтижелері: кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың негізгі құралдарының бірі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржысыз қолдау болып табылады.

Аталған құрал аясында қаржылай қолдау алуға екінші деңгейлі банктермен мақұлданғанға дейін Филиал 161 ЖКС-нің (жеке кәсіпкерлік субъектісі) 264 жобасынсүйемелдеді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артып отыр (74 ЖКС-тің 119 жобасы).

2018 жылы Филиал жанындағы қалалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен 2500-ден аса ЖКС-ке консультация берілді.

Бұған қоса жыл сайын Астана қаласы, Nazarbayev University жанынан кәсіпкерлердің тұлғалық құзыретін арттыру үшін ШОБ топ-менеджментін оқыту ұйымдастырылады. 2018 жылы ШОБС-тың 19 өкілі оқудан өтті.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы 12 бизнес өкілі «Даму» қорымен Астана қаласында «Көрме» орталығында ұйымдастырылған «Ұлттық өнім» жыл сайынғы көрмесіне қатысты.

Аймақта ақпараттық қолдау тұрақты түрде жүргізілуде. Маңғыстау облысы аумағында мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат 22 билбордта/LED экранда орнатылған.

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге Қор тарапынан қаржылай қолдау келесі бағдарламалар бойынша жүргізіледі:

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы. Кәсіпкерлер арасында барынша сұранысқа ие бағдарлама – бұл «Бизнестің жол картасы 2020». Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқасында кәсіпкерлер ҚР ҰБ бекітілген сыйақының базалық мөлшерлемесінің 50%-на дейін субсидия ала алады, кепілдеме көлемі несиенің сомадан 50-85% (ШОБ кепілдемесі жетпеген жағдайда).

«БЖК 2020» МБ Маңғыстау облысында жүзеге асырыла бастаған сәттен 456 жоба бойынша жалпы несие сомасы 76,19 млрд теңгеге субсидиялау келісім-шартына қол қойылды. 15.12.2018 жылғы жағдай бойынша жалпы несие сомасы 1 828,15 млн теңгеге 57 жобаны субсидиялау мақұлданды. Аймақта кепілдендіру құралын іске асыру аясында жалпы несие сомасы 8 769 млн теңгеге 256 жоба бойынша кепілдікке қол қойылды, кепілдеме сомасы 3 220 млн теңге. 2018 жылы жалпы несие сомасы 2 324 млн теңгеге 86 жоба бойынша кепілдікке қол қойылды, кепілдеме сомасы 839 млн теңге. 2017 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда өсім 54% құрайды.

2. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы — сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде тұрғын үй салушыларды субсидиялау. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы ҚР Үкіметінің 31 желтоқсан 2016 жылғы №922 Қаулысы бойынша жекеменшік тұрғын үй салушыларды ынталандыру және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында бекітілген. Бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидия алу мүмкіндігі қарастырылған.

2018 жылы бағдарлама аясында жалпы несие сомасы 2,600 млн теңгені құрайтын 2 жобаны субсидиялау бойынша келісім шартқа қол қойылды. Жобалар әріптес банктер: «Нұрбанк» АҚ және «АТФ Банк» АҚ арқылы қаржыландырылды.

3. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-20121 жылдаррға арналған «Еңбек» бағдарламасы – бизнесті қолдау бойынша мемлекеттің тың бастамаларының бірі – бұл 2017 жылдың тамызынан жүзеге аса бастаған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарлама арқасында кәсіпкерлер мен ісін жаңа бастаған бизнесмендер Ақтау қаласында 8 000 АЕК аспайтын (19,2 млн теңге) және Жаңаөзен қаласында 6 500 АЕК аспайтын (15,6 млн теңге) сомаға жылдық мөлшері 6% болатын жеңілдетілген несие ала алады. Ал Қор, бұл ретте, несие бойынша 85%-ға дейін кепілдеме беруге дайын.

2018 жылы екінші деңгейлі банктермен жалпы несие сомасы 572,19 млн теңгеге 47 жоба қаржыландырылды. Оның 28 жобасы бойынша 353,00 млн теңге несиенің жалпы сомасы 176,18 млн теңгеге «Даму» қорының кепілдігі берілді. Бұл бағдарлама бойынша әріптес банктер: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Халық банкі» АҚ ЖФ, «Халық банкі» АҚ МОФ, «Банк Центр Кредит» АҚ. 15.12.2018 жылғы жағдай бойынша 2018 жылға бөлінген қаражат толықтай игерілген.

4. Қаражатты екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда шартты түрде орнату бағдарламасы ҚР Ұлттық қорының, халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету үшін Қаражатты екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарда шартты түрде орнату бағдарламасы аясында (қаражат көздері: жергілікті атқарушы орган, ҚР ҰҚ, АДБ, ЕҚДБ, Қор ЖҚ және т.б.) аймақта ШОБ субъектілеріне жалпы несие сомасы 62 093 млн теңгеге 3 244 несие берілді. 2018 жылы несиелік портфелі 22 693 млн теңгені құрайтын 195 несие берілді немесе 2017 жылдың балама мерзімімен салыстырғанда несие сомасының өсімі 40%-ды құрады. ЕДБ/МҚҰ арасында берілген несие бойынша топ бастап тұрған «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ; берілген несие бойынша басымды сала – өңдеу өнеркәсібі (31%), сауда саласы (30%), тасымалдау қызметі (12%).

5. «Нұр Капитал» ШОКС қолдау аймақтық бағдарламасы. Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамытуға «Даму» қорымен 1,8 млрд теңге, Маңғыстау облыстық әкімдігімен 900 млн теңге бөлінді. Осылайша, Маңғыстау облыстық «Нұр Капитал» аймақтық бағдарламасын іске асыруға бағытталған қаражаттың жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрады. Бағдарлама Ақтау қаласын қоспағанда, Маңғыстау облысында тіркеліп, жобаларын жүзеге асырып жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін әзірленген. Кәсіпкерлер үшін ақырғы мөлшерлеме 1%-ды құрайды (номиналды мөлшерлеме жылдық 8,5%-дан көп емес, 7,5%-ы субсидияланады), бір қарыз алушыға қойылатын лимит 30 млн теңгеден аспауы керек.

2018 жылы ЕДБ-мен жалпы несие сомасы 765,87 млн теңгеге 39 жоба мақұлданған. Оның 49% (жалпы несие сомасы 438,28 млн теңгеге 19 жоба) қаржыландырылды. Жалпы несие сомасы 350,78 млн теңгеге 18 жобабойынша «Даму» қорымен жалпы сомасы 132,59 млн теңгеге кепілдеме берілді. Бұл бағдарлама бойынша әріптес банктер: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Халық банкі» АҚ ЖФ, «Халық банкі» АҚ МОФ, «Банк Центр Кредит» АҚ.