Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болды

көмекшісі
Фото: liter.kz

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысының жарлығымен М.С. Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын»,– делінген жарияланған құжат мәтінінде.

Әшімбаев 1993 жылдан бері ақпарат министрлігінде, президент әкімшілігінде, мемлекеттік зерттеу орталықтарында жұмыс істеген.  2018 жылдың ақпанынан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. 

«Құрмет» орденімен (12.2007), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2008) марапатталған.