MEGA әкімшілігі жалға берушілермен келіссөздер жүргізді

Қазақстандық нарық шектелген жалға беру бәсін өзгертіп, сауда айналымынан түскен пайыздарды төлеп отыруға дайын емес. Сондай-ақ қазақстандық ритейлдің барлығы ашық түрде қаржылай есеп бере алмайды деп хабарлайды MEGA сауда орталығының баспасөз қызметі. Олардың сөзінше, ритейлдің көпшілігі өздерінің табыстарын болжай алмайды, тиісінше, коммерциялық және имиджік жағынан шығынға ұшырайды.

Қазіргі экономикалық жағдайда MEGA ойын-сауда орталығы өзгелердің коммерциялық қауіптерін өз жауапкершіліктеріне алуға дайын емес. Себебі банк алдында несиелік міндеттемелері, қызметкерлері, серіктестері мен мемлекет алдында жауапкершіліктері бар. Қазақстандағы жаңа экономикалық жағдайда нарықтағы әлсіз ойыншылар тіпті байқалып жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, MEGA сауда орталығының әкімшілігі дүкен иелерімен келіссөздер жүргізіп, 6 айға дейін жалға алу төлемін доллар бағамына қатысты 210 теңге деген деңгейде белгілеген.

Сауда орталығы барлық ритейлердермен арнайы келісім-шарт жасасқан. Қазір республика бойынша басқа орталықтары қалыпты режимде жұмыс істейді.