Мемлекет басшысы ТМД-дағы сауда кедергісіне қатысты шаралар ұсынды

kapital.kz

28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz —  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД шеңберіндегі қарым-қатынастарды нығайту және дамыту жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы әңгімеледі.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдетуге үлес қосатын бірқатар перспективалы бағыттарды атап өтті. Атап айтқанда, мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негіздерін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше тоқталды.

 Бұдан басқа, Қазақстан Президенті ғылыми және ғарыштық салада, цифрландыру және туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударды.

 Сондай-ақ, Мемлекет басшысы  Қазақстанда құрылған Астана халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері туралы баяндап, барлық ТМД-ға қатысушы елдерді  белсенді қатысуға шақырды.