Астана. 14 сәуір. 7kun.kz - Мемлекеттік қызметкерлерге арналған memkyzmet.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев мәлімдеді.
Әли Амантайұлының айтуыннша, memkyzmet.kz сайты мемлекеттік қызметшілер үшін кері байланыс орнатып, сервистік қызмет атқаратын көмекші құрал болады.
«Қолданушылар сайтты смартфондарына мобильді қосымша арқылы жүктеп алып, кейін ғаламторсыз да, жүргізіліп жатқан кешенді аттестаттау, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, бос орындар мен облыстың мемлекеттік органдары көрсетіп жатқан қызмет көрсету тізбесін көре алады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен заңнама жиынтығын және басқа да мәліметтерді алуына болады. Бұл интернет-ресурста «Аттестациялау-2017» арнайы айдары ашылған. Ол жерде мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудың толық мәліметінен басқа, әңгімелесу кезеңі бойынша әдістемелік ұсыным, жаднама, бейнеролик және басқа да пайдалы материалдар бар. Сайттың тағы бір ерекшелігі – «Онлайн үйрену тесті» айдарының ашылуы», – дейді Әли Көмекбаев.
Сонымен қатар, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты баспасөз жиынында спикер мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мемлекеттік қызметке деген сенімді арттырып жатқанын айтты. Бұл жүйе енгізілгелі қызметшілердің командалық ауысымы 4 есе төмендегенін жеткізді. Сәйкесінше, 2016 жылы мансаптық өсу негізінде лауазымында жоғарылағандар саны 2015 жылға қарағанда 12%-ға артқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024