Microsoft Corporation - компьютерлер, ұялы телефондар және өзге есептеуіш техникаға арналған бағдрламалық қамсыздандыруды, сонымен қатар дербес компьютерлерге арналған аксессуарларды шығаратын ірі компания. Microsoft-тың ең танымал өнімдері - Windows операциялық жүйесі және Microsoft Office атты құжаттар мен презентацияларды редакциялауға арналған бағдарламалар жиынтығы.
[caption id="attachment_10899" align="alignleft" width="210"] Билл Гейтс және Полл Аллен[/caption] Microsoft компаниясының тарихы 1975 жылдан бастау алады. Сол жылы қазір дүние жүзі танитын, ал сол кезде қарапайым екі студент Билл Гейтс пен Полл Аллен Altair компьютеріне арнап Basic тіліне түсінік беретін бағдарлама жасап шығарады. Осы жылдан бастап олар Altair өндірушілерімен бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану туралы лицензиялық келісімге келеді. 1975 жылы компанияның жалпы пайдасы 1 миллион долларға жетеді. Алайда компанияға нағыз табыс IBM компаниясының өкілдерімен бірге келеді. Олар IBM PC компьютері үшін операциялық жүйені жасап беретін адамды іздейді. Бұл 1981 жылдың 12 тамызында болады. Осылайша әйгілі MS DOS (Disk Operation System) жүйесі пайда болады. Кейінірек, 1985 жылдың 20 қарашасында DOS жүйесінің арнайы графикалық сырты пайда болады. Оған Windows деген есім беріледі. Компанияның атауы екі сөзден құрылған: "MICROcomputer SOFTware" (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамсыздандыру). Бастапқыда ол дефис арқылы жазылған: Micro-soft. Компания өз логотипін бірнеше мәрте өзгертеді, дегенмен оның мәнісі өзгеріссіз қалады; тек "Microsoft" сөзінің қаріпі (шрифт) ғана өзгеріп отырды. Корпорация өз тарихында көп қателік жасады, бірақ оларды дереу түзетіп отырды, нәтижесінде жаңа салаларды жаулап алып, жаңа рекордтарды орнатып отырды. Компания енді құрылғанда онда үш адам жұмыс істесе (негізін қалаушыларды қоса алғанда), 2008 жылы қызметкерлердің саны 80 мыңға жетті. ,0 1983 жылы Microsoft операциялық жүйенің графикалық интерфейсімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін тінтуірді ("mouse") жасап шығарады. 1986 жылы компанияның акциялары еркін саудаға шығарылады. Ал 1990 жылы компания акциялар бойынша дивидендтердің алғашқы есептелуін жүргізеді және акционерлердің әрқайсысына компанияның бір-бір акциясы сыйлыққа берілді. 1993 жылы Windows-тың тек тіркелген пайдаланушыларының саны 25 миллион адамнан асады. Осы мезеттен бастап Windows дүние жүзіндегі ең танымал операциялық жүйеге айналады. 1995 жылы аңызға айналған Windows95 шығады, бұл алып ажиотаж тудырады - тіпті компьютері жоқ адамдардың өзі бағдарлама жазылған дискті сатып алу үшін кезекте тұрған! 1996 жылдың қаңтар айының өзінде 25 миллион диск сатылады. 1998 жылы Windows98 жарық көреді, сырттай ол 95 нұсқасына ұқсайды, тек функционалдылық пен қорғаныс жағынан біршама түзетулер енгізіледі. 2000 жылы операциялық жүйелердің желісі кеңейе түседі. Microsoft компаниясы Windows 2000 және Windows ME жүйелерін шығарады. Windows ME жүйесі орнатуға қатысты проблемаларға және кідірулердің көптігіне байланысты пайдаланушылар арасында қолдау таппайды. Бұл компанияның ең нашар өнімдерінің бірі болды. 2001 жылы Windows XP және Office XP шығады. Windows XP және Office XP Microsoft компаниясының ең танымал бағдарламаларына айналады. 6 жылдан соң жаңа буынға арналған Windows Vista операциялық жүйесі және жаңа Microsoft Word 2007 нұсқасы шығарылады. 2009 жылы Microsoft дербес компьютерлер мен ноутбуктермен қатар нетбуктерге бейімделген Windows 7 операциялық жүйесі шығады. 2010 жылы Microsoft Word 2010 бағдарламасы сатылып бастайды. 2011 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 200 миллион лицензия өткізілген. 2012 жылы операциялық жүйелердің келесі нұсқасы Windows 8 сатылымға шығады. 2013 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша 100 миллион лицензия сатылған. Компанияның штаб пәтері АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Редмонд қаласында (Redmond, Washington, USA) орналасқан. Компания негізі қаланғаннан бері 40 жыл өтті. Қазіргі уақытта кез келген үлкен рейтингті Microsoft-сыз елестету мүмкін емес:- 2013 жылы Forbes жасақтаған "әлемнің ең беделді брендтері" рейтингінде Microsoft екінші орынды иемденді (бірінші орында - Apple). Бұл корпорацияның бренді 56,7 миллиард долларға бағаланды.
- 2011-2012 жылдары Fortune Global 500 рейтингінде табыстылығы бойынша Microsoft 110 орында болды. Жыл қорытындысы бойынша түсім көлемі - 73,7 миллиард доллар. Таза пайда - 16,978 миллиард доллар.
- 2013 жылы Microsoft түсімі 5,4%-ға, 77,89 миллиард долларға дейін жоғарылады. Таза пайда 23,4%-ға артып, 21,863 миллиард доллар болды.
- Нарықтық капиталдандыру бойынша Microsoft компаниясы төртінші орында (270,64 миллиард доллар).
- Компания Forbes журналының ең тартымды 10 жұмыс беруші компания рейингінде бесінші орында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024