Microsoft Таяу Шығыста дата-орталығын салады

орталығын
Фото: data247.ru

Алматы. 16 наурыз. 7kun kz — Microsoft корпорациясы Таяу Шығыста алғашқы дата орталығын құру туралы жоспарын жариялады. Олар БАӘ-нің Дубай мен Абу-Даби қаласында салынады. Дата орталықтар 2019 жылы ашылуы тиіс. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Мамандардың сөзінше, Microsoft бұл қадамға бару себебі — бұлтты технологиялар нарығында Amazon компаниясымен бәсекелестікке түсу. 2017 жылы Amazon 2019 жылы Бахрейнде дата орталығын ашу жайлы айтқан.
Ақпан айында The Wall Street Journal газеті Alphabet корпорациясының саудиялық Saudi Aramco мұнай-газ компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын мәлімдеген. Бұл келіссөздер негізінде Сауд Арабиясында бірқатар дата-орталықтар ашып, ең ірі технологиялық орталық құру көзделген.
Қаңтар айында Microsoft бұлтты технологияларға бөлінетін инвестиция көлемін арттыратындығын мәлімдеген болатын.
Қания Табыс

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!