Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің жаңа сервистерін таныстырды

Михаил Ломтадзе

Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе маусымның 16-сында өткен дәстүрлі презентацияда жаңа үш сервисті таныстырды: Kaspi Maps, тез онлайн ақша аудару және Kaspi.kz мобильді қосымшасы.

«Клиенттеріміз бізге мобильді қосымша мен ақша аударымдарын жасау туралы өтініш жасады, — деді Михаил Ломтадзе. — Біз оған қосымша тағы бір тамаша сервис ұсынып отырмыз. Ол — Kaspi Maps. Маусымның 22-сінде үш сервисті де бір уақытта іске қосамыз. Бұлар клиенттеріміздің өмірін жақсартады және жеңілдетеді деп сенеміз».

«Біздің ауқымымыз банктен де үлкен дер едім. Себебі әлемдік тәжірибеде жетекші, бөлшектік саудамен айналысатын банктің сәтті экожүйеге айналғанын кездестіру қиын. Оның аясында интернет-дүкен, онлайн-төлем, жеке қаражатты басқару, бонустық бағдарламалар, офлайн сатып алулар мен 5 миллион клиенттің айналасына шоғырланған тағы да басқа инновациялық сервистер бар».

Презентацияға Kaspi сервисінің 500-ден астам серіктестері келді.

«Біз рөліміз — клиенттеріміздің серіктестеріміз арқылы тиімді сауда жасауына мүмкіндік беру.  Қазақстан бойынша бізде 5000-нан астам серіктес бар», — деді Михаил.

Kaspi өнімдері 19 000 инфрақұрылымдық нысандар арқылы қолжетімді болып отыр. «Біз қалаңыздағы ең жақын дүкенді, бөлімшені немесе банкомат пен терминалды табуға болатын Kaspi Maps сервисін жасадық, — деді Михаил Ломтадзе. — Ал банкоматтарға келер болсақ, біз барлық банктің барлық банкоматтарын көрсетеміз. Бұл керемет емес пе, себебі Kaspi Gold арқылы кез келген банкоматтан комиссиясыз ақша алуға болады».

Михаил Ломтадзе  прзентацияда тұрып өз телефонын үлкен экранға қосу арқылы сервистің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Бір секундтың ішінде қосымша барлық банкоматтар мен терминалдарды және Kaspi Red сервисінің серіктес-дүкендерін көрсетіп берді.

Kaspi Maps арқылы олардың қай жерде орналасқанын ғана емес, қай уақытқа дейін жұмыс істейтінін және кезекте тұру уақытын да анықтай аласыз. Әр бетте егер дүкеннің жұмыс уақыты дұрыс көрсетілмеген жағдайда «Қателікті хабарлау» деген батырма бар.

«Екінші жақсы жаңалығымыз: онлайн аударымдарды іске қостық. Ең жылдамын! Ол Каспийдің өз есепшоттары арасында, Kaspi Gold клиенттерінің арасында және өзге банктен Kaspi Gold картасына аударғанда тегін. Ал Kaspi Gold картасынан өзге банкке ақша аударғанда бар жоғы — 0,95% себебі, — деп күлді Михаил Ломтадзе — ол бәрібір бізден өзге банкке жіберілетін аударым».

Ол сахнада тұрып өзінің әріптесі Сергей Тимохиннің  Kaspi Gold картасына ақша аударды. Дәл сол сәтте Сергей Тимохиннің телефонына бірден хабарлама келді.

«Ал үшінші жақсы жаңалығымыз — біз шынымен де тамаша мобильді қосымша жасап шықтық. Оның ішінде Kaspi.kz-те бар барлық сервистер қолжетімді: Kaspi.kz дүкені, комиссиясыз төлемдер, Менің Банкім және Kaspi Red. Сонымен бірге, Бонустар, Гид, Maps пен басқа да қызметтер. Мұның барлығы мобильді телефонға арналған әдемі дизайнда», — деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

Осындай қызметтерден бөлек презентацияда Kaspi Red клубындағы сатып алуға берілетін лимиттің де өзгергені хабарланды. Мұны да банк басшысы сахнада тұрып тексеріп көрді. Оған бір минуттың ішінде сауда жасауға арналған лимитті созуға рұқсат берді.

Тағы бір жағымды жаңалық — енді аты-жөніңіз жазылған Kaspi Gold картасын алу үшін басқа банктегідей 10 күн күтпейсіз, оны 15 минуттың ішінде ала аласыз. Kaspi Gold та енді жаңа дизайнмен шығады және оны қол тигізбей ақ төлем жасауға пайдалана аласыз.

Қорытындылай келе, Михаил Ломтадзе клиенттеріне тағы бір тосынсыйды хабарлады. «Біз әрдайым көбірек ұсыныс жасауға тырысамыз. Сол себепті мобильді қосымшаны жүктеген барлық клиенттер тамыздың 1-іне дейін жасалған төлемдерден 5 пайыз бонус алады.

Енді Kaspi клиенттері мен серіктестері жаңа әрі тиімді қызметтерді пайдаланып, максималды бонустарға ие болу үшін 22 маусымды асыға күтуде.