Миллиардерлердің проблемасы

Фото:Psychologies

Миллиардерлердің де өз проблемалары бар болып шықты.  Қалтасы қалың байлар ипотекалық қарыздарды өтеуден қиналмаса да, қаражат пен дүниелерді орналастырудан қиындықтар жиі туындайды екен.

Чектерге арналған бос орынның болмауы миллиардерлердің айтарлықтай мәселелеріне жатады. Мәселен, Гаролд Хэм соңғы жарымен ажырасып, оның атына қаржы аудару үшін  чек жаздырғанда 11 цифрдан тұратын санды стандартты чекке сыйдыра алмауы   мәселеге айналған.

Қайырымдылық қорына қаржы аударымдарының мәселесі. Атақты миллиардер Уоррен Баффет «Билл мен Мелинд Гейтс» қайырымдылық қорына барлық қаржысын аударған. Жомарт жан Уоррен Баффет 2,8 млрд долларды қайырымдылыққа аударғанымен, дәл сол жылы жылдық табысы 14,5 млрд долларға жеткен. Яғни алпауыт әлемдегі қанша қаржысын жұмсаса да, ең бай миллиардерлер тізімінің көш басында қала берді.

Байлар үшін жеке ұшақтарымен кез келген уақытта ұшу оңай.  Дегенмен де, жеке әуе әуежайдың да бас қатырар мәселесі бар.  Әрбір миллиардердің жеке әуе ұшақтарын орналастыру үшін  бос тұрақтарды табу қиындық туғызады. Себебі, әуежайларлардағы әуе кемелерінің тұрақжайлары үнемі бос емес. Әсіресе, мұндай жағдайлар халықаралық  сайыстар мен «Супер-бол» деп аталатын америкалық футболдың финалында болады.  Давос форумында әскери әуежайды ашық деп жариялап, қатысуға келген барлық  жеке ұшақтарды қабылдау кезінде әуе кемелеріне кептеліс басталған.

Жанерке СЕРІК «7»