Миллиондаған Android-смартфондар вирус құрбанына айналды

485
Миллиондаған Android-смартфондар вирус құрбанына айналды

Жаңа вирус  көптеген әзірлеушілердің  қосымшаларына  кіріп, миллиондаған смартфондарға таралып үлгерді. Ол қолданушыға  хабарлама ретінде келген жарнама арқылы шабуыл жасайды  деп жазады TechCrunch сайты Avast қорытындысына сілтеме жасап.

Жаңа вирусты  Google Play қосымшасының  электронды дүкеніндегі «Дурак», «IQ тест» тәрізді ойындардан тапқан.  Қауіпті бағдарламалар  гаджетке еніп үлгерген сәттен бастап, жарнама арқылы басқа бағдарламаларды зақымдай бастайды. Олардың әрқайсысы түрлі әзірлеушілермен дайындалған және барлығына да бірдей вирустың қалай еніп үлгергендігі белгісіз. Google Play-дың мәліметінше «Дурак» ойынының өзін  10  миллионға жуық тұтынушы жүктеп алған, демек осыншама қолданушыға таралып үлгерді.

Вирус  жарнаманы бірден  емес, бірнеше сағат, бірнеше күннен кейін  көрсетуі мүмкін.  Смартфонды әр кез бұғаудан алған сайын  бағдарламалық қамтамсыздандыру ескірді, немесе порно-материалдар толтырылған деген хабарлама келуі мүмкін. Ғаламтор қолданушыларының жазуынша, вирустан зардап шеккен тағы да бірнеше қосымшалар табылған.  Олардың үшеуін Google Play әкімшілігі бұғаулап тастады.