Министрлік желіні шектеуге ешқандай арнайы жұмыстар жүргізген жоқ

432
желі
Фото: total.kz

Астана. 4 қыркүйек. 7kun.kz — Бұл туралы бүгін ҚР Парламент сессиясында ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев хабарлады.

Кеше Астана уақытымен сағат сегізде еліміздің ірі қалаларында желі қолданушылары Facebook, Instagram, Youtube және WhatsApp желілеріне кіре алмады.

Абу-Даби плазадағы оқиға мен еліміздегі басқа да жаңалықтарға қызыққан желі қолданушылардың көптігінен әлеуметтік желілерге кіру қиындаған.

«Техникалық жағынан, Абу-Даби плазадағы оқиғаға қатысты ақпаратты желіден көріп, жүктеушілердің көптігінен болуы мүмкін. Осыған байланысты трафик зақымданған. Бұл ешқандай әлеуметтік жұмысқа қатысты емес», — деді Абаев.

Сонымен қатар, министр арнайы мамандар техникалық тексерістер жүргізетінін айтты.

Айгүл Хожантаева