Мойынқұм ауданындағы индустриаландыру картасына 4 инвестициялық жоба енгізілді

Мойынқұм
Фото: ҚазАқпарат

Тараз. 5 қараша. 7kun.kz – Аймақтағы 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының бесжылдық бағдарламасы сәтті аяқталды. Бұл туралы Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Балтабекұлы мәлімдеді.

Алғашқы бесжылдықтың қорытындысы бойынша 2 цемент зауыты салынды. Ақбақай ауылында алтынды өңдеу бойынша фабрика, Қияқты ауылынды гранит өңдеу бойынша мини зауыт қайта жөндеуден өткізілді.

Аудан басшысының сөзінше, енді 2015-2019 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығын жүзеге асыру керек. Осы мақсатта Мойынқұм ауданының индустриаландыру картасына 4 инвестициялық жоба енгізіліп, жалпы 2542 млн теңге бөлінді. Олар:

—  Шолпан бекетіндегі “Казгранит” жалпы есеп бойынша 200 млн теңгені құрады.

— Ақсүйек ауылындағы “Ер-тай” ЖШС жалпы құны 1,2 млн теңге болды.

— Қашқантеңіз ауылындағы “Тенардит” ЖШС жалпы құны 890,0 млн теңге болды. Болашақта сульфат натрийі мен йодталған тұз өнімдеріне құрылыс жоспарланған.

— Мирный ауылындағы “Оргстрой” ЖШС гранит өндіру мақсатында инновациялық технологияның жаңа әдістерін қолдануға ұсыныс білдірді. Жоба құны 252 млн теңгені құрады.

Талшын ӨТЕПОВА «7»