Moody’s агенттігі KazStroyService Global B.V рейтингін кері қайтарды

Moody's агенттігі KazStroyService Global B.V рейтингін кері қайтарды

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі KazStroyService Global B.V корпоративтік рейтингін (CFR) кері қайтарды, бұған дейін ол «Ba3» деңгейінде болған-тын деп хабарлайды агенттік.

Сонымен қатар дефолт мүмкіндігінің рейтингі (PDR) және жоғары қамтамасыз етілмеген қарыздың бастапқы (P) Ba3 рейтингі кері қайтарылды.

Рейтинг агенттіктің «жеке есебімен» кері қатарылып отыр делінген хабарламада.

KazStroyService Global B.V қатысты соңғы рейтингтік әрекет 2014 жылдың 2 қарашасында болған, сонда Moody’s компанияға алғашқы рет рейтинг белгілеген еді.

KazStroyService Global B.V Нидерланд корольдігінде тіркелген, өзінің «КазСтройСервис» 100% үлестес компаниясы арқылы ЕРС-қызметтерін жеткізетін ірі компания.