Мұнай бағасы 73 доллардан асты

бағасы
Фото: penzalife.info

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың шілдесіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 20 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 8:15-тегі бағасы 0,96 долларға (1,33%) көтеріліп, баррелі 73,17 долларды құрады , — деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Жұма күнгі саудада баға 0,41 доллар (0,56%) төмендеп, сауда жабылар тұста баррелі 72,21 доллар болды. 

Лондон және Нью-Йорк биржаларында маусымдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,8 доллар (1,27%) қымбаттап, барреліне 63,56 долларды құрады.