Назарбаев, Путин және Лукашенконың кездесетін уақыты белгілі болды

488
Назарбаев, Путин және Лукашенконың кездесетін уақыты белгілі бо

Қазақстан, Ресей және Белоруссия президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенконың жаңа кездесу күні белгілі болды. Н.Назарбаевтың баспасөз-хатшысы Дәурен Абаевтың хабарлауынша, саммит 20 наурыз күні Астанада өтеді.

«Ресейлік және белоруссия жағы өздерінің қатысуын растады», -деді Абаев. Оның сөзінше, 13 наурыз күнгі келіссөздердің өтпей қалуына «үш мемлекет көшбасшыларының тығыз графигі себеп болған». Кремльдің баспасөз-қызметі де жаңа кездесу күнін растады.

Айта кетейік, 11 наурыз күні ресейлік президенттің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Астанадағы саммиттің бірнеше күнге кері шегерілетіні хабарланған еді.

Сол күні Reuters агенттігі қазақстандық үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап, В.Путин ауырып қалуына байланысты Астанаға келмей қалды деген ақпарат таратты. Ал  Д.Песков бұл ақпараттың барлығын түгелімен жоққа шығарды.

Кремльдің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес Астанада сауда-экономикалық серіктестікті дамыту мәселесі талқыланып, халықаралық шиеленістер жөнінде пікір алмаспақ.