Тұлға

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі. 

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы  30 шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш ауылында дүниеге келген. 1993-1995 жылдары «Гили-Паскер» ЖШС компаниясында мұнай өнімдерінің аға сарапшысы, бөлім бастығы, бас директоры қызметін атқарған.

1995-1996 жылдары «Отрар Лтд» шағын кәсіпкерлік компаниясында бас директорының орынбасары болған

1996-2006 жылдары “Қазақтурмұнай” компаниясында маркетинг жөніндегі инженер, маркетинг бөлімінің бастығы, мұнай және мұнай өнімдерін сату саласында жұмыс атқарған.

2006 жылдың ақпан-тамыз айларында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры болды.

2006 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры. 2007 жылдың қыркүйегінен – Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторына жауапты орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылдың 26 наурызынан бері Атырау облысын басқарады.

Tags

Осы айдарда

Close